Облыста қазақ киносының онкүндігі басталды. Шара аясында көрсетілетін кинокартиналарда ел тарихындағы негізгі кезеңдер баяндалып, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі таныстырылады. Ашылу салтанатына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров және Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр, кино режиссері Талғат Теменов, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.