Аймақ басшысы, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасы, этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Басқосуда өңірде 30 жылда этносаралық қатынасты дамыту, бірлік пен келісімді нығайту жолында қол жеткізілген жетістіктер баяндалды. Бір топ азаматқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо