Назарбаев зияткерлік мектебінде ІХ аймақтық «Педагогтердің кәсіби қауымдастығы: ауыл мектептерінің табысты дамуы үшін ынтымақтастық» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған жоғары оқу орындарының оқытушылары, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары мен өңір аудандарынан 500-ге тарта педагог қатысты.