Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар жазғытұры салқын, қыстыгүні жылы жер іздейтіні белгілі. Облыс орталығында сұранысқа сай павильондар салынғанымен, түйткілдің түйіні тарқатылар емес. Өйткені, тазалық ақсап тұр. Құны 7 мен 10 млн теңге аралығындағы аялдамалардың қызығын көретін күн бар ма?