Биыл Қазталов ауданының орталығында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Саралжыңда мектеп, Қайыңдыда мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Көгілдір отынмен елді мекендердің 100 пайызы, ал ауыз сумен халықтың 90 пайызы қамтылған. Су тапшылығын болдырмау мақсатында 16 мыңға жуық тұрғынды қамтитын «Искра» топтық су құбырын жаңғырту жобасы жасақталды. Осы және өзге де маңызды мәселелер мен ілкімді істер туралы аудан әкімі Асланбек Сарқұлов кезекті брифингте баяндады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв