Аймақтағы агроқұрылымдар жергілікті қазына қаржысы есебінен лизингке техникалар алып жатыр. Бұрын-соңды болмаған тәжірибе туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөкей ордасы ауданы жұртшылығымен жүздесуде айтты. Өңір басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың өнімін өткізу мәселесі де оң шешіліп жатқанын жеткізді. Есептік жиынның алдында тұңғыштар мекеніндегі маңызды әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, аудандық сот ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.