Интернет-алаяқтық қоғамның өзекті мәселесіне айналды. Орал қаласының өзінде жыл басынан бері 270 дерек тіркелген. Әлеуметтік желілер қулығына құрық бойламайтындар үшін жымысқы әрекетті жүзеге асыру алаңына айналып барады. Түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілгенімен, алаяқтарға алданғандар азаяр емес.