Орал қаласында елдің батыс аймағындағы 4 облыстың депутаттарына арналған семинар-тренинг өтті. Мақсат - ҚР Парламенті Сенаты мен мәслихаттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру. Оның барысында Парламентаризм институтының мамандары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылары депутаттар мен олардың аппарат қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және біліктілігін арттыру бойынша дәрістер оқып, тәжірибесін бөлісті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв