Облыста 2025 жылы күн электр стансасы салынады. Сондай-ақ орман қорын дамыту шаралары да қолға алынып жатыр. Бұл мәселелер «Uralsk Green Forum – 2024» халықаралық форумында айтылды. Биыл жетінші мәрте өтіп отырған шараның тақырыбы «Климаттың өзгеруі: озық технологияларды қолданудың қиындықтары мен болашағы» деп аталған. Облыс әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы бірлесе ұйымдастарған ауқымды шараға экологтар, депутаттар мен табиғат пайдаланушы компаниялар, салалық қауымдастықтар мен сарапшылар қатысты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв