«Орал тарихы Яицкий қалашығынан басталған жоқ. Бай шежіре Алтын Орда дәуіріне жататын Жайық қаласынан тамыр тартады. Өзің білу бір бөлек, ұрпаққа үйрету бір бөлек». Танымал журналист, документалист Әлия Әшім Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттерімен жүздесуде осылай деді. Іс-шараға оқытушылар, музей қызметкерлері, ақпарат саласының өкілдері де қатысты. Танымдық кездесуді қала әкімдігі ұйымдастырды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв