«Stop bullying» ақпараттық жүйесіне әлімжеттік деректері жөнінде 1000 шақты хабарлама түскен. Статистика бойынша еліміздегі әрбір үшінші жеткіншек буллингке ұшырайды екен. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мектептерде арнайы QR-код орналастырылуда. Аталған мәселе балалардың құқығын қорғауға арналған бірыңғай ашық сабаққа арқау болды. Оған қала және аудандардағы 53 мектептің өкілдері онлайн режимінде қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв