Өңір тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде жергілікті үлесті арттыру – атқарушы орган алдындағы маңызды міндет. Бұл баға тұрақтылығына да тікелей әсер етеді. Ал қазір аталған санатқа енгізілген 19 тауардың кейбір түрлері бойынша тәуелділік бар. Мәселен, облыс халқын пияз, сәбізбен қамту көрсеткіші 50-60 пайыздан аспайды. Картоп шаруашылығы қарқын алып отыр, қажеттіліктің 92 пайызы өтеледі. Қазір бақша дақылдарын қысқы маусымға сақтау мәселесі өзекті. Өйткені, қоймалар қаңырап қалса, қыстыгүні көкөніс бағасы аспандайтыны айтпаса да түсінікті. Өңірде қанша қойма бар, шаруалар өз өнімдерін сақтау ісінде қандай кедергілерге кезігеді? Арна тілшісі Лұқпан Елеу анықтап көрді.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв