Көктемгі тасқын өңір үшін үлкен сынақ болды. Бірліктің арқасында бұл қиындық та еңсерілді. Бүгінде зардап шеккен тұрғындар толықтай жаңа үйлерге көшіп үлгерді. Осы орайда баспана құрылысын жүргізіп, уақытынан кешіктірмей тапсырған мердігерлердің еңбегі еселі. Облыс әкімдігінде өткен жиында құрылыс компанияларының басшыларына алғыс хаттар тапсырылды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв