Сырым ауданында биыл жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын 187 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 45 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Ауылішілік және кірме жолдарға кезең-кезеңімен асфальт төселуде. Мал басы артып, құрылыс қарқын алды. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов кезекті брифингте баяндады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв