Биыл мол судың келуімен Жайықтың жаңа тынысы ашылды. Десек те, өзеннің экожүйесін сақтау мәселесі әлі де өзекті. Бүгін осы және өзге де тақырыптар Орал қаласында Қазақстан мен Ресей сарапшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, комиссия мүшесі Елена Тарасенко, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарынан жауапты мекеме өкілдері қатысты. Ал ресейлік тарап бірлескен іс-шаралар туралы ұсыныс-пікірлерімен онлайн режим арқылы бөлісті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо