Жаңа туған нәресте қандай диагнозбен дүниеге келсе де, өз отбасында тәрбиеленуі керек. Бұл - «Ана үйі» қоғамдық қорының басты ұраны. Мақсат – әлеуметтік жетімдіктің алдын алу. Құрылғанына 11 жыл болған бірлестік қолдауымен балалар үйіндегі сәбилер саны екі есеге қысқарған. Қызметкерлер ерекше балаларға күтім жасаудан бастап, отбасыларға орналастыру бағытындағы жұмыстарды жүргізеді. Бұл туралы Көшім арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барған бағдарлама авторларының бірі, Питтсбург университетінің профессоры Трейси Ларсон мәлімдеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо