Еуропа елдері қазақтарының құрылтайы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Тарыдай шашылған қандастар бас қосып, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын алқалы жиынға 2009 жылы мың жарымға жуық адам қатысқан. Ауқымды іс-шарада ширек ғасыр бұрын Ұлыбританияда ұйым құрып, қазақ қоғамының негізін қалаған Исмаил Кесиджидің қомақты қолтаңбасы бар. Жырақта жүрсе де атажұртқа аңсары ауып тұратын азамат аймаққа ат басын бұрған еді, жүздесудің сәті түсті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо