Қазір әлеуметтік желіде балабақшада балаларды ұрып-соғып, әлімжеттік жасайтын тырнақша ішіндегі тәрбиешілер туралы ақпарат өріп жүр. Қоғамда тәрбиеші мамандығының қадір-қасиеті ақсап бара жатқандай. Оралдық Бақтияр Қылышбаев мінсіз қызметімен әріптестері мен ата-аналардың құрметіне бөленіп жүрген азамат. Оның мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы жалпы еңбек өтілі 20 жыл. Біздің арна тілшілері «Жұмадағы жарқын сюжеттер» айдары аясында қаламыздағы жалғыз тәрбиеші ағаймен жүздесіп қайтты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо