Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жастарға мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізуді үйретпек. Осы мақсатта оқу орындарында тренинг, курстар ұйымдастыруды қолға алған. Бұл заңсыздықтардың жолын кесіп, мемлекет қаражатын қайтаруға сеп дейді олар. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Еріктілер сондай-ақ заңгер, адвокат, мемлекеттік қызметшілермен бірлесіп ауыл азаматтарына тегін кеңес береді. Жыл басынан бері 60-қа жуық тұрғын өз сауалына жауап алған.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо