Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында жергілікті бюджет қайта нақтыланды. Қазына қаржысы 13,5 млрд теңгеге ұлғайтылып, басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды. Атап айтқанда медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 222 млн теңге, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау аудандарында 8 медициналық нысанның құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым өткізуді аяқтауға 251,7 млн теңге қарастырылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо