Өңірде су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылардағы балаларға Алматы және Қызылорда облысындағы сауықтыру лагерлерінде тегін демалыс ұйымдастырылған еді. Он күннің ішінде оқу үдерісі үзілген жоқ. Мәдени-спорттық үйірмелер мен сан алуан іс-шараларға қатысқан тынығушылар таным көкжиегін кеңейтіп қайтты. Ұзақ ұмытылмас әсер алған ұл-қыздарды ұстаздары мен ата-аналары теміржол вокзалында күтіп алды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко