Биыл Көрісу күнін тек батыс өңірінің жұртшылығы емес, күллі Қазақ елі атап өтуде. Облыста жұмыс сапарымен жүрген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бүгін Орал қаласының тұрғыны, тыл ардагері, 99 жастағы Жәмиля Кенжеғалиеваның шаңырағында болып, айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ елімізге танымал көпбалалы өнерлі отбасы Биғалиевтерге барып көрісті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо