Елімізде Ұлыстың ұлы күнін жаңа форматта тойлау үшін 14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі деп жарияланғаны белгілі. Оның алғашқы күні батыс өңірінде бұрыннан сақталып, жылдан-жылға аясы кеңейіп келе жатқан Көрісу күніне дөп келді. Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда алғаш рет этноауыл бой көтерді. Ұлттық салт-дәстүр насихатталып, жәрмеңке көрігін қыздырды. Думанды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.  

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо