Айман Қуатованың есімі режиссер ретінде өнер айдынында жақсы танымал. Аймақтағы режиссерлердің анасы атанған ол саналы ғұмырын облыстың мәдениеті мен өнерін дамыту жолында аянбай еңбек етті. 85 жасқа толған сала ардагерін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы құттықтап, сый-құрмет көрсетті. «Ғибратты ғұмыр» атты шырайлы шараға өңірге белгілі өнер майталмандары мен мерейтой иесінің шәкірттері қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо