Жымпитыда ұлт мақтаныштары - Сырым Датұлының туғанына 280 жыл және Жаһанша Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына арналған шаралар қорытындыланды. Ұлы тұлғалардың есімі ұлықталған шаралар Жайық бойында бір апта бойы өткен болатын. Дүбірлі тойға келген қонақтар Сырым шыққан төбеге тағзым етті, аудан орталығындағы батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан әрі той - аламан бәйге мен ақындар айтысына ұласты. 
 #qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо