Аймақтағы ахуал тұрақты әрі қатаң бақылауда. Арнасынан асып-тасыған Жайық өзені сабасына түсті. Тек Тайпақ ауылы тұсындағы гидробекетте кейінгі тәулікте 27 см-ге көтерілген, мұндағы деңгей қауіпті межеден 1,8 метрдей төмен. «Қазсушар» мекемесі мамандарының мәлімдеуінше өңірдегі су қоймалары орташа есеппен 90 пайызға толған. Облыстық ТЖД-да өткен кезекті брифингте құқық қорғау құрылымдарының өкілдері табиғи апат кезіндегі алдын алу және қауіпсіздік шаралары туралы баяндады.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо