«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Мақсат – туған өлкені абаттандырып, гүлдендіруге үлес қосу. Экологиялық іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, студент жастар, барлығы 10 мыңнан астам адам жиналды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев акцияға арнайы қатысып, жасыл қаланы көгалдандырудың маңызына тоқталды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо