Әр мамандықтың өз қызығы мен шыжығы бар. Біз күн сайын ертелете жұмысқа асығамыз. Бір қызығы, асыққан елдің әбігері арасында жұмысына кірісіп кеткен тазалықшыларды күнде көреміз. Тіпті, осы бір көрініс қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай. Себебі көше сыпырушылар қала тазалығын қалыптастыратын жандар. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамайды. Шақырайған күннің, шытынаған аяздың астында жұмыс істейді. 

Қарапаайым еңбек адамдарының күнделікті атқарып жүрген ізгілікке толы жұмыстары ең жоғарғы құрметке лайық. 


Жұмысқа таңмен таласып келіп, түн қараңғысымен қайтатын Мәрзия Мағзомова көше сыпырушы болып 20 жылдан бері қызмет жасайды. Күн райының қолайсыздығына қарамайды. Өйткенi, ол қала тазалығына жауапты екенін сезінеді.