ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ

«ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ» еңбек адамы туралы бағдарлама

Бағдарлама тілі: қазақша

Уақыты: әр сенбі сайын

Хронометражы:15 минут

Редактор әрі жүргізушісі : Тәтті Өтеғалиева


Бағдарламаның көздеген мақсаты: «Адамды адам еткен - еңбек» десек, заманның ағымына, қоғамның дамуына байланысты күн сайын дүние түрленіп, өзгерген қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалап жүрміз?

   Ежелден еңбек адамы деп қай салада болмасын өз кәсібіне адал жұмыс істейтін адамды айтады. Ол - дихан бола ма, ол - малшы бола ма, ол - жазушы бола ма, ол - өнер адамы бола ма, дәрігер, ұстаз бола ма, әлеуметтік қызметкер бола ма бәрібір. Еңбек адамдарының шынайы келбетін көрсете отырып, жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу, өз ісіне адал болуға баулу мақсаты көзделеді. Облысымыздағы еңбек адамын, адал кәсіп, адал нәсіп тауып жүрген жандарды кеңінен насихаттай отырып, қоғамда еңбек адамының еңбегі немен өлшенеді, қалай бағаланады деген сұрақтарға да жауап іздеуіміз керек!

 Бағдарламада алдымен керемет еңбек адамының образы, портреті жасалуы керек. Еңбек адамына көрсетілген құрмет те жан-жақты көрсетілуі тиіс! (Мәселен белгілі бір пәнді жетік білетін, тәжірибесі мол, еңбегі зор ұстаздар қауымын ардақтау үшін қазір халықаралық олимпиадада алтын, күміс медаль алып келген спортшыларға беретін сый-сияпат секілді қомақты қаржы бөліне бастады. Шәкірттері әлемдік олимпиадаларда жүлде алып жүрген, талай жыл мұғалім болған ұстаздарға 250 мың долларға дейін сыйлық белгілеу қажет деген ұсыныс ескерілді. Қазақстан бойынша ең үздік 48 мұғалімге 10 000 доллардың үстінде ақша берілді. Енді осы тәрізді жүздеген операция жасап, науқастардың бәрі аман қалған хирургтерге, ана мен бала өмірін сақтап қалған дәрігерлерге де қаржылай құрмет көрсетілмек. Сол сияқты баланы үлкен білімге бағыттап, білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне де көңіл бөлінуі қажет деген ұсыныстар ескерілмек. Еңбек адамының еңбегі нәтижесіне қарай әділетті бағаланатын болса, қоғамда үлкен серпіліс болады және дау-дамайсыз әлеуметтік жағдайлары жасалады. Мемлекеттік қызметкерлерге де солай жасау керек деген пікір бар. Ұрлықсыз-қарлықсыз, пара мен жемқорлықсыз Қазақстан мемлекеті үшін адал еңбек еткен мемлекет қызметкерлеріне еліміздің шұрайлы жерлерінен арнайы жер, яғни үй-жайымен, қора-қопсысымен тұратын қоныс берілуі керек. Өз ісіне адалдық танытқан мемлекеттік қызметкерлердің ұрпақтарына мемлекет тарапынан оқуға түсуде, басқа да салаларда әлеуметтік жеңілдіктер жасалуы тиіс деген де пікірлер бар. Өз өнерлерін әлемдік деңгейде насихаттап жүрген (Димаш секілді) еліміздегі оның ішінде облысымыздағы жас таланттардың орындауындағы әндері мен жыр-терме, күй-билерді орындайтаны таланттардың орындау шеберліктеріне де ерекше ынталандыру болуы керек. Осындай еңбек адамының маңдайының ащы терін көрсете отырып, оның сол еңбектен алған жанының рахатын да қоса паш еткен абзал! Сонда адамдарда ертеңгі күнге деген сенімділік болады. Жемқорлықтың жолы кесіледі.)

    Қазақстан өзге де өркениетті мемлекеттер тәрізді дамудың дұрыс жолына түседі. Ең бастысы көрермен назарына ұсыну болып табылады.



Тағы да