БҚО Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдерді енгізді. Енді өңір полицейлерінің қылмысты жедел ашуына жасанды интеллект көмектесуде. Ұрлық-қарлық, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен іздестіруде жаңа технологияның тиімділігі жоғары. Заманауи жүйе құқық қорғау саласына тың серпін беріп отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо