БҚО-да алғаш рет салынған екі деңгейлі көпір салтанатты түрде іске қосылды. Жолайрық Оралдан Ресейге қатынайтын халықаралық жолдың Подстепное ауылы тұсында орналасқан. Қазіргі таңда күре жолдың 72 шақырымы толықтай жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо