Облыста электр желілері мен жабдықтарының тозу деңгейі 78,8 пайызды құрайды. Өзекті мәселені шешу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен соңғы 3 жылда аталған салаға 13 млрд. теңге бөлініп, ауқымды 12 жоба жүзеге асты. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала өкілдері энергетика саласында атқарылған іс-шараларға тоқталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо