Оралда ерекше әрі еңселі ескерткіш бой көтерді. Батыс Қазақстан облысы іскер әйелдер қауымдастығының бастамасымен салынған сәулеттік туынды «Анаға тағзым» деп аталады. Бұл – отбасының ұйытқысы ғана емес, әлем тірегі саналатын аяулы жанға деген қалтқысыз құрметтің көрінісі. Басты мақсат – қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру. Ашылу рәсімі аяқталған соң жұмысшы мамандықтар жылы аясында дәстүрлі форум өткізілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо