Жайық жерінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері көп. Солардың бірі – Қазталов аудандық №2 аурухана директоры Надежда Васильева. Ақ желеңді абзал жан жұмыста да, тұрмыста да қазақ тілінің абыройының асқақ болуына үлес қосып жүр. «Қазақтың келіні атану – маңдайыма жазылған үлкен бақыт»,- дейді Надежданың өзі.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо #мирдружбасогласие