Орал қаласында VIII облыстық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары басталды. Сайыстар шаһардың бірнеше бөлігінде ұйымдастырылуда. Оған өңірдің барлық аудандарынан спортшылар қатысып жатыр. Бұл – ауыл жастары арасында бұқаралық спортты дамытуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған ауқымды іс-шара.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо