Орал қаласында кезекті «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңке-көрмесі өтті. Оған қолөнершілер, ісмерлер, аспаздар, кондитерлер, жалпы ондаған іскер жан жиналып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Ауқымды іс-шараның мақсаты – ауылдағы тауар өндірушілерге қолдау таныту, олардың жаңа нарық, жаңа әріптес табуына ықпал ету.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо