Таңдаулы 100 кітапты анықтайтын жалпыұлттық сауалнама жалғасып жатыр. Үздік туындыларды іріктеуде өңір жұртшылығының да белсенділігі жоғары. Қоғамның зияткерлік әлеуетін арттырып, оқырманның талғамын қалыптастыруды көздейтін жобаға рухани ордалар да ерекше үлес қосты. Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада «Жүз кітаптан шабыт» атты іс-шара ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо