Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Айтқали Нәріковтің 85 жас мерейтойына орай «Тарлан талант» атты кездесу кеші өтті. Оған салалық басқарма басшылығы, зиялы қауым өкілдері, рухани орда ұжымы мен жастар қатысты. Мақсат - қаламгер шығармашылығын насихаттау.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко