«Атамекен» өнер ордасында «Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар және мәселелер» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Жиынға Бас прокуратура, Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан, облыс басшылығы, сондай-ақ өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардағы тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Мақсат – мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету жолдарын айқындау, әдістемелік қолдау көрсету.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко