Өңірде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда. Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияда соғыс ардагері, «Халық қаһарманы», жерлесіміз Иван Гапичтің құрметіне арналған кездесу өткізілді. Оған мектеп шәкірттері, құқықтық құрылым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.