«Ауыл әкімдері халықпен тікелей жұмыс істеп, экономикалық-әлеуметтік дамуға үлес қосатын басты менеджерлер болуға тиіс». Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының курсына қатысушылар алдында дәріс оқыған аймақ басшысы осылай деді. Нариман Төреғалиев ауыл атқамінерлері жұмыссыздықты азайту, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті әртараптандыруға қатысты сауатты әрі ширақ қимылдау қажеттігін қаперге салып, нақты мысалдар келтірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо