Облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар тарапынан су тасқыны кезеңіңде елді мекендер мен тұрғындарды қорғауға қатысты атқарылған жұмыстарға тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бағлан Оразалиевтың қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді. Құзырлы құрылымдарға кемшіліктерді жою жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо