Қалалық кітапханада ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай «Қадыр залы» ашылды. Шарада «Жауһар» оқырмандар отауы құрылып, «Қадыр қадірлеген уақыт» тақырыбында кездесу өтті. Оған жергілікті ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Осы күні жаңартылған «Жастар залы» қолданысқа берілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв