Кейінгі жылдары ауылдағы ағайынның әл ауқатын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүруде. Ел және облыс көлемінде түрлі бағдарламалар қолға алынып, тұрғындардың бизнес бастамаларын іске асыру, кәсібін одан әрі дамытуға қолдау көрсетілуде. Соның бірі әрі бірегейі – «Ауыл аманаты» жобасы. Оның аясында 2023-2024 жылдары жүздеген жан жеңілдетілген несие алып, түрлі салада ісін бастады. Ал «Қаладан ауылға» бағдарламасы болашағын ауылмен байланыстырғысы келетін отбасылар үшін жаңа мүмкіндік болды. Бір сөзбен айтқанда қос бағдарлама да ауылдың тынысын кеңейтіп, тірлігін тиянақтауды көздейді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв