Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қаржылай қолдау қарастырылған. Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз берілетін бастапқы капиталға қол жеткізуге мүмкіндік мол. Қазталов ауданында бұл мақсатта 40 адамға 59 млн теңге бөлінген. Мемлекеттік грантқа үміткерлер конкурстық комиссияның шешімімен анықталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв