Күйші Едіге Нәбиевтің есімі өнер сүйер жұртшылыққа жақсы таныс. Бала жастан қазақтың қара домбырасына әуес болған ол есейе келе киелі өнерді өрістете түсті. Күй шерту өз алдына домбыра жасау шебері атанды. Негізгі мамандығы спортшы болғанымен саналы ғұмырын өнер саласына арнаған жан мерейлі 75 жасқа толды. Осыған орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның камералық залында күй кеші өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв