Облыс әкімдігінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының мердігерлік ұйымдары мен өңірдегі зәкірлік кооперациялар арасында меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру арқылы шаруаларды қолдау әрі жергілікті қамтуды арттыру. Естеріңізде болар, биылғы 20 шілде Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың өңірге сапары аясында облыс әкімдігі мен Қарашығынақ кенішін игеруші компания арасында осы мақсатта екіжақты келісім жасалған еді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв