Облыстық прокуратураның алқа отырысында су заңнамасының сақталуына қатысты тексерудің қорытындысы қаралды. Ол бойынша өңірде кемшілік көп. Мәселен облыс бюджетіне су пайдаланушылардан қаражат тиісті көлемде түспей отыр. Бұған себеп мөлшерлемені индекстеу жүргізілмеген. Бұдан тыс бөгеттер салынбаған, су қоймалары жөнделмеген, су қорғау аймақтарында құрылыстарға жол берілген.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв