«Ақжайық жас дарыны – 2024». Осындай атаумен Оралда облыстық форум ұйымдастырылды. Мақсат – талапты да талантты ұл-қыздардың ұмтылысын ұштап, жан-жақты қолдау көрсету. Ауқымды іс-шараға ғылыми және шығармашылық конкурстар, түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда топ жарған оқушылар мен ұстаздары, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо