Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Жыл басталғалы жеті жиын өткізген жауаптылар шақыртуды елемеген ата-аналардың тұрғылықты жерінде болып, тұрмысымен танысты. Іс-шараға облыстың бала құқықтары жөніндегі уәкілі, білім беру бөлімінің басшылығы, ювеналды полиция қызметкерлері қатысты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо